Кітапханада келесі бөлмелерді брондауға болады:
КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ – семинарлар, тренингтер мен кездесулер өткізу үшін алдын ала бронь жасалады (70 орын).
КОМПЬЮТЕРЛІК ЗЕРТХАНА – дербес компьютерлерді оқу немесе ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану.
ДЕМАЛУ (РЕЛАКСАЦИЯ) БӨЛМЕСІ – бір пайдаланушыға күніне 45 минут.
АНАЛАР БӨЛМЕСІ – күніне 2 сағат, немесе қайта бронь жасауға болады.
БАЛАЛАР ОЙЫН БӨЛМЕСІ – күніне 2 сағат, немесе қайта бронь жасауға болады.
ОҚУ КАБИНЕТТЕРІ
Жеке оқу кабиналары (1 адамға) – күніне 2 сағат.
Жеке оқу кабиналары (2 адамға) – күніне 2 сағат.
Топтық оқу кабиналары (6 адамға) – бір топқа күніне 2 сағат.
Конференц-залға, Академиялық жазу орталығына немесе компьютерлік зертханаға тапсырыс беру үшін, іс-шараға дейін 7 күннен кешіктірмей Salem кеңсесінің электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы кітапхана директорына бөлмені брондау туралы өтінішті жіберіңіз.
Жеке және топтық оқуға арналған кабиналарды брондау үшін ақпараттық үстелде (кітапхананың бірінші қабатында, Әйтеке би көшесіндегі кіреберістің жанында орналасқан) бөлмелерді брондау журналына тиісті жазба жасау қажет.
Балалар ойын бөлмесін немесе ана бөлмесін брондау үшін ақпарат үстелінен қалаған бөлменің кілтін алыңыз.
