📚ЭК қандай да бір тақырып немесе сұрақ бойынша материал іздеу барысында қормен жұмыс істеуге көмекке құрылған кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады.
📌Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Сералы Қаниев атындағы Ғылыми кітапханасының электрондық каталогында кітапхана қорына келіп түскен құжаттарға (кітаптар, журналдар, газеттер, ғылыми материалдар жинақтары, электрондық құжаттар) қазақ, орыс және басқа да тілдерде әртүрлі тасымалдағыштарда және әртүрлі хронологиялық кезеңдерде басылған библиографиялық сипаттамалар қамтылған. Құжаттардың библиографиялық сипаттамасы жарияланым тілінде беріледі. Құжаттың іздеу бейнесі (түйінді сөздер, пәндік айдарлар: персоналдар, ұжымдар/іс — шаралар, бірыңғай тақырып, тақырыптық айдар, географиялық атауы, хронологиялық кіші айдар, құжаттың түрі) — қазақ және орыс тілдерінде. Нақты уақыт режимінде толықтырылады.
