Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің институттары мен колледждерінде пәндік кітапханашылар қызметін келесі кітапхана қызметкерлері атқарады:
| Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты | Сағындық Б.Ә., Омирбекова Г.К. |
| Жаратылыстану институты | Анесова А.Т., Оспан Ә.Б. |
| Педагогика және психология институты | Калиева Г.А., Бургыбаева А. Т. |
| Физика, математика және цифрлық технологиялар институты | Нысанбаева У.К., Алмекеева Н. Е. |
| Филология институты | Несіпбай А. Е. |
| Кәсіптік білім беру колледжі | Миркенова С.К. |
ПӘНДІК КІТАПХАНАШЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ:
Пәндік кітапханашы (subject librarian) — кітапхана мен белгілі бір институт немесе университет кафедрасы арасында делдал ретінде әрекет ететін және тиісті институттың оқытушыларына, студенттеріне және зерттеушілеріне білім беру және ғылыми-зерттеу процестерінде атаулы ақпараттық қолдау көрсететін кітапхана сарапшысы.
Оның функциялары:
Оқытушылармен өзара іс-қимыл:
- Өтінімдерді жинау және хабарлау. Оқытушылардан жаңа әдебиеттер мен оқулықтарды сатып алуға сұраныстарды қабылдау, оқытушыларды өздері оқытатын оқу пәндерінің тақырыбына сәйкес келетін баспа және электрондық басылымдар туралы ақпараттандыру.
- Қорды танымал ету. Кітапхана қорына жаңа түсімдер және шетелдік дерекқорларға қолжетімділік туралы оқытушыларды, кафедраларды хабардар ету.
- Кері байланыс. Институт оқытушылары мен студенттерінің кітапхана ресурстарының сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттануын бағалау.
Ғылыми-зерттеу қолдау
- Кеңес беру. Зерттеушілерге диссертациялар, мақалалар мен гранттар үшін материалдарды таңдауға көмектесу.
Бейіндік қорды басқару
- Жинақтау. Институттың оқу және ғылыми зерттеулер бағыттары бойынша кітап және электрондық қорды дамыту.
- Өзектілігін талдау. Мазмұны бойынша ескірген басылымдарды қордан шығару және бейінді электрондық ақпараттық ресурстарға жазылу туралы ұсыныстар.
- Мониторинг. Университетте қабылданған сапа критерийлеріне сәйкес келетін міндетті оқу әдебиеттерінің оқу пәндерінің силлабустарында болуын бақылау
Білім беру қызметі
- Ақпараттық сауаттылықты оқыту. Академиялық деректер базасында тиімді ақпараттық іздеу және іздеу нәтижелерін талдау бойынша студенттерге, магистранттарға және докторанттарға тренингтер өткізу.
- Ресурстарды біріктіру. Оқытушыларға кітапханада немесе кітапхана арқылы қол жетімді ақпараттық ресурстарға сілтемелерді қашықтықтан оқыту жүйесіне біріктіруге көмектесу.
- Кеңес беру. ГОСТ немесе халықаралық стандарттар (APA, Harvard) бойынша библиографиялық тізімдер мен дәйексөздерді ресімдеуге көмек.
