ПӘН КІТАПХАНАШЫЛАРЫ — Сералы Қаниев атындағы Ғылыми кітапхана
QyzPU Lirary

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


Сералы Қаниев атындағы Ғылыми кітапхана
IFLA

ПӘН КІТАПХАНАШЫЛАРЫ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің институттары мен колледждерінде пәндік кітапханашылар қызметін келесі кітапхана қызметкерлері атқарады:

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтыСағындық Б.Ә., Омирбекова Г.К.
Жаратылыстану институтыАнесова А.Т., Оспан Ә.Б.
Педагогика және психология институтыКалиева Г.А., Бургыбаева А. Т.
Физика, математика және цифрлық технологиялар институтыНысанбаева У.К., Алмекеева Н. Е.
Филология институтыНесіпбай А. Е.
Кәсіптік білім беру колледжіМиркенова С.К.

ПӘНДІК КІТАПХАНАШЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

Пәндік кітапханашы (subject librarian) — кітапхана мен белгілі бір институт немесе университет кафедрасы арасында делдал ретінде әрекет ететін және тиісті институттың оқытушыларына, студенттеріне және зерттеушілеріне білім беру және ғылыми-зерттеу процестерінде атаулы ақпараттық қолдау көрсететін кітапхана сарапшысы.

Оның функциялары:

Оқытушылармен өзара іс-қимыл:

  • Өтінімдерді жинау және хабарлау. Оқытушылардан жаңа әдебиеттер мен оқулықтарды сатып алуға сұраныстарды қабылдау, оқытушыларды өздері оқытатын оқу пәндерінің тақырыбына сәйкес келетін баспа және электрондық басылымдар туралы ақпараттандыру.
  • Қорды танымал ету. Кітапхана қорына жаңа түсімдер және шетелдік дерекқорларға қолжетімділік туралы оқытушыларды, кафедраларды хабардар ету.
  • Кері байланыс. Институт оқытушылары мен студенттерінің кітапхана ресурстарының сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттануын бағалау.

Ғылыми-зерттеу қолдау

  • Кеңес беру. Зерттеушілерге диссертациялар, мақалалар мен гранттар үшін материалдарды таңдауға көмектесу.

Бейіндік қорды басқару

  • Жинақтау. Институттың оқу және ғылыми зерттеулер бағыттары бойынша кітап және электрондық қорды дамыту.
  • Өзектілігін талдау. Мазмұны бойынша ескірген басылымдарды қордан шығару және бейінді электрондық ақпараттық ресурстарға жазылу туралы ұсыныстар.
  • Мониторинг. Университетте қабылданған сапа критерийлеріне сәйкес келетін міндетті оқу әдебиеттерінің оқу пәндерінің силлабустарында болуын бақылау

Білім беру қызметі

  • Ақпараттық сауаттылықты оқыту. Академиялық деректер базасында тиімді ақпараттық іздеу және іздеу нәтижелерін талдау бойынша студенттерге, магистранттарға және докторанттарға тренингтер өткізу.
  • Ресурстарды біріктіру. Оқытушыларға кітапханада немесе кітапхана арқылы қол жетімді ақпараттық ресурстарға сілтемелерді қашықтықтан оқыту жүйесіне біріктіруге көмектесу.
  • Кеңес беру. ГОСТ немесе халықаралық стандарттар (APA, Harvard) бойынша библиографиялық тізімдер мен дәйексөздерді ресімдеуге көмек.