Федеративті іздеу – бұл әртүрлі деректер көздерінен бір іздеу жолағы арқылы ақпаратты бір уақытта іздеуге мүмкіндік беретін технология. Ол барлық қосылған жүйелерден (біздің жағдайда, Кітапхана жазылымындағы лицензиялық деректер базалары; Кітапхананың электрондық каталогы; Электронды кітапхана; сондай-ақ Университеттің академиялық қауымдастығының білім беру және ғылыми мүдделеріне сәйкес келетін ашық интернет-ресурстар) алынған контентті бірыңғай түрде көрсетеді. Қарапайым іздеуден айырмашылығы, ол тек бір жүйеде орындалса, федеративті іздеу деректерді бір жүйеге көшіруді талап етпей, әртүрлі платформалар мен қосымшалардан нәтижелерді біріктіреді.
Біздің жағдайда федеративті іздеу EBSCO Discovery Service (EDS) іздеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Егер біздің Кітапхана жазылған лицензиялық деректер базаларында жүргізілетін іздеу жайлы айтатын болсақ, олар мыналар:
ProQuest Dissertations & Theses Global (PQDT) (https://www.proquest.com/)
Әлемдегі ең ірі диссертациялар мен тезистер деректер базасы. Ол 5,5 миллионнан астам жазбаны және 3 миллион толықмәтінді қамтиды. 1637 жылдан бастап 60-тан астам елдің 4100-ден астам оқу орындарының ғылыми еңбектері енгізілген. 1997 жылдан бастап толықмәтіндер негізінен қосылған. Гуманитарлық ғылымдардан бастап жаратылыстану және нақты ғылымдарға дейінгі кең ауқымды қамтиды. Жыл сайын база шамамен 250 000 жаңа еңбектермен толықтырылады. Web of Science платформасына жазылым болған жағдайда, PQDT толықмәтіндеріне тікелей сілтемелерді осы платформадан қолдануға болады.
Emerald Insight (https://www.emerald.com/insight/)
– «Білім беру (Educational administration and leadership; Vocational education and training; Higher education; Sustainability in higher education)» тақырыбы бойынша онлайн-коллекции 23 журнал (оның 22-сі Scopus және Web of Science базаларында индекстелген).
– «Кітапхана & Ақпарат ғылымдары (Academic librarianship; Educational technologies; Information needs, seeking and use; Classification and indexing; Information)» тақырыбы бойынша онлайн-коллекцияда 16 журнал (барлығы Scopus-та, 15-і WoS Core-та индекстелген).
Library & Information Science Source деректер базасы (EBSCO) (https://search.ebscohost.com)
Ақпараттық-кітапханалық ісі мен кітапхана технологиялары бойынша мамандандырылған толықмәтінді журналдар мен басқа да басылымдар деректер қоры. Онда 527 толықмәтінді журнал бар (оның 129-ы Web of Science немесе Scopus-та индекстелген), сондай-ақ 30 кітап/монография тараулары, 13 ғылыми конференциялар жинағы, 7 есеп және 11 000-нан астам терминді қамтитын пәндік-рубрикациялық тезаурус бар. Барлығы 62 елдің 1180-нен астам баспаларынан 3385-тен астам ғылыми басылымдар индекстеледі.
IGLibrary (https://portal.igpublish.com/iglibrary/)
Әртүрлі ғылым салалары бойынша 50 000-нан астам әдебиет атауы.
IG-Publishing баспасы Тынық мұхиты аймағында университеттерге электрондық форматтағы әдебиеттерді жеткізуші жетекші ұйым болып табылады. Ол ғылымның барлық салаларын қамтитын 150 000-нан астам атауды ұсынады. IG-Publishing әлемнің жетекші 60 баспасынан заманауи ғылыми әдебиеттерді ұсынады.
Компания өз электрондық ресурстарын үнемі кеңейтіп, толықтырып отырады, бұл қазіргі заманғы талаптарға және жаңа пайда болып жатқан ғылыми-зерттеу бағыттарына сай болуға мүмкіндік береді. Университеттер мен колледждердегі жазылушыларға қажетті ақпарат уақытылы ұсынылады.
Баспаның басты мақсаты – қолжетімділігі қиын ең сирек кездесетін кітаптарды да цифрлық кітапханаға енгізу. Электрондық форматы жоқ кейбір еңбектер арнайы оцифрленеді. Баспаның электрондық кітапханасындағы барлық кітаптар әлемде ең кең таралған және қарапайым PDF форматында қолжетімді.
iG электрондық кітапханасы – бұл академиялық әдебиеттерді тақырыптық кластерлер бойынша тез талдауға және сіздің зерттеу мақсаттарыңызға сәйкес бағыттарды таңдауға мүмкіндік беретін заманауи платформа.
ЭКЖ «Электронная библиотека» (Эпиграф баспасы) (https://elib.kz/ru/))
Қазақ және орыс тілдерінде 1000 оқулық. Смартфон, планшет, компьютер арқылы қолжетімді. Қарапайым әрі ыңғайлы іздеу жүйесімен, кітапханашының егжей-тегжейлі есеп жүргізу кабинетімен жабдықталған.
«Мультимедиялық онлайн курстар» порталы – бейнедәрістер курсы, интерактивті 3D анимациялар, интерактивті мәтіндік конспектілер, студенттерге жеке құрастырылатын тесттер мен тапсырмалар, сондай-ақ оқытушыға арналған электрондық журналды қамтиды.
Инклюзивті білім беру порталы – есту қабілеті төмендерге арналған мультимедиялық инклюзивті электрондық оқулықтарды, көру қабілеті төмендерге арналған электрондық кітапхананы және инклюзивті білімді цифрландыруға арналған кешенді шешімдерді қамтиды.