Хабарландыру!
Құрметті ұстаздар, студенттер және университет түлектері!
Оқу жылының аяқталуына байланысты қолдарыңыздағы оқулықтар мен кітаптарды университет кітапханасына уақытылы қайтаруларыңызды сұраймыз. Егер келесі оқу жылына қажетті оқулықтар болса, кітапханаға әкеліп, пайдалану мерзімін ұзартуға болады.
Бұл хабарландыру әсіресе бітіруші түлек студенттерге қатысты. Себебі университетті аяқтағаны туралы диплом алу үшін Platonus бағдарламасы арқылы кету парағын толтыру қажет. Кітапханаға қарызы бар студенттерге кету парағына қол қойылмайды және диплом берілмейді.
Осыған байланысты кітапхана қорындағы барлық кітаптарды дер кезінде тапсыруларыңызды сұраймыз.
Алдын ала түсіністік танытып, ынтымақтастық білдіргендеріңіз үшін рақмет!
Ғылыми кітапхана әкімшілігі
